Bugin

Қазақфильмнің вице-президенті сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: Ulysmedia

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының" бұрынғы вице-президенті сотталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Антикорға сілтеме жасап. 

Алматының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының"  бұрынғы вице-президенті С.С. Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды.

"Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы "Көшпенділер" киножобасы аясында нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен салынған "Түркістан қаласы" Бутафор бекінісін заңсыз іске асыру жолымен мемлекетке залал келтіре отыра қаржы жымқырғаны үшін сотталды. Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.