Bugin

Бүгін — ақын Иран Ғайыптың туған күні

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: Bugin.kz

Бүгін, 7 маусым — ақын, драматург Иран Ғайыптың туған күні. Bugin.kz порталы ақын туралы бірнеше деректерді ұсынады. 

Иран Ғайып 1947 жылы 7 маусымда Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған.

Қазаққа Иран Ғайып есімімен танылған тұлғаның шын аты — Иранбек Оразбаев. 

Иран-Ғайып Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш өткен жазба ақындар жыр-мүшәйрасының бас жүлдегері атанған.

1974 жылы тұңғыш “Жүрек жырлайды” атты жыр жинағы жарық көрді. Кейін “Тың құрбаны”, “Хайуандық комедия”, “Күшігінен таланған”, “Мен ішпеген у бар ма?”, “Батқан кеменің бейбақтары”, “Желжуан”, “Құдай қарғағандар”, “Жамбылдың қызыл жолбарысы”, “Негізгі шаруа”, “Қанына тартқан қыңырлар”, “Алтын адам”, “Алтын ажал”, “Киелі күнә” атты жыр жинақтары жарияланды. 

Ақынның әкесі – төрт колхоздың төрағасы болған Әбітай ақсақал.

Иран-Ғайып поэзиясы тақырыбының әр алуандығы оқырмандарын сүйсінтті.   Оның жырларында өлең өрісі мен ондағы өмір өне­ге­ле­рі кеңінен көрініс береді.