Bugin

Елімізде құрбан айт қай күнге ауыстырылды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Осыған дейін ҚМДБ 2024 жылғы діни мерекелер күнін белгілеген еді. Оған сәйкес құрбан айт 17 маусымда басталады делінген.

Діни басқарма құрбан айт күнінің ауысуын:

"Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады. 

Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді",-деп түсіндірді.