Bugin

Level up: Алматыда тұңғыш рет университет түлектерінің бітіру кеші өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Level Up

Қала көлемінде алғаш рет университет түлектерінің кеші өтеді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өзге елдерде еңбек жолына енді араласатын жастарға жарқын эмоциялар сыйлау дәстүрі бар. Ал бұл фестивальдің Қазақстанда өзге баламасы жоқ. Ұйымдастырушылар осы дәстүр арқылы жыл сайын қаламыздағы университет түлектеріне жарқын эмоциялар мен естеліктер сыйламақшы.

Фестиваль аясында Назима, Аяу, Бонапарт, Даррем, abdr, All Davay, Moreart, Crime Wizard сияқты қазақстандық әншілер өз өнерін көрсетеді.

Кештің басты хедлайнерлері — Ирина Қайратқызы болады. Кеш жүргізушілері — Ілияс Жапаров, Таня Турлай. 

Фестиваль қатысушылары – ҚазҰУ, ҚБТУ, ҚМЭБИ, СДУ, Абай, ҚазҰТЗУ, АлмаУ және т.б. университеттердің түлектері.

Level up

Level up

Фестивальдің мақсаты – өз университетіндегі таланттарды танытып, шығармашылық, зияткерлік және спорттық саладағы жетістіктерді көрсету. Бастысы — түлектерді біріктіру және достық атмосфера құру.

"Level up" фестивалі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Өтетін орны: "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндері кешені.

Күні: 15 маусым 2024 жыл

Фестиваль алаңындағы жұмыс уақыты: 16:00-ден 24:00-ге дейін.

"Level UP" фестивалі өскелең ұрпақ үшін трендке айналады және әрбір қатысушыға өзін қаланың маңызды азаматы ретінде сезінуге мүмкіндік береді.  Ал қаланың жоғары оқу орындары өз түлектерінің жетістіктері мен таланттарын көрсетуге мүмкіндік алады.