Bugin

Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасарын қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап. 

Қанат Бозымбағв Үкіметтің су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берді. 

Соңғы деректер бойынша: 

64 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралған;

Эвакуациялық пункттерде тұрғындарға ажетті көмек көрсетіліп жатыр;

Су тасқыны кезінде жалпы 11998 тұрғын үйді, 5359 саяжай құрылысын су басқан.

Сондай-ақ, Бозымбаев зардап шеккен өңірлерде 16715 үй тексеруден өткенін айтты. Оның ішінде 15464 нысанды бағалау жұмыстары аяқталған.

"Бағалау нәтижесі бойынша 9903 үйді жөндеуге болады, ал 6875 үй қалпына келтіруге жарамсыз деп танылған. Жарамсыз үйлердің орнына нарықтан 4525 үй мен пәтер сатып алу, сондай-ақ типтік жобамен 2350 үй салу жоспарланып отыр", - деп мәлімет берді Премьер-Министрдің орынбасары.

Мемлекет басшысы зардап шеккен тұрғын үйлерді бағалау, техникалық тексеру жүргізу ісін жеделдетуді, сондай-ақ оларды салу мерзімі мен құрылыс сапасын бақылауға алуды тапсырды.