Bugin

Оқу орындарына кіргізуге болмайтын заттардың тізімі жаңарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ғылым және жоғары білім министрлігінің оқу орындарына кіргізуге тыйым салынған заттарға қатысты арнайы бұйрығы жарияланды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Оқушылар мектепке оқ-дәрі, жарылғыш және тез жанатын, химиялық және улы заттар әкелуіне болмайды. Оқу ғимаратына отшашу, пиротехниканы кіргізуге рұқсат етілмеген.

Тыйым салынған заттардың ішінде сіріңке, оттықтар да бар. Көзден жас ағызатын, бұрышты газ балондарын да ғимаратқа кіргізуге тыйым салынған.

Биылғы жылдан бастап қосылғандары темекі өнімдері, вейптер және оның дәмдеуіштері. Соңғы 2 жылда елімізде электронды темекінің айналымы 300 есе артқан. Министрліктің бұл бұйрығы 20 маусымнан бастап күшіне енеді.

Балалардың тыйым салынған заттарды мектепке кіргізгені үшін ата-анасы мен заңды өкілдері жауапты.