Bugin

Ақтау сотының төрағасы қамауға алынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин қамауға алынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ұстау операциясын Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік басқармасы мен Антикор ұйымдастырған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Бауыржан Шайдуллиннің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол қылмыстық іс бойынша "мәселені шешкені үшін" 18 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгені айтылды.

Бауыржан Шайдуллин 2020 жылы қаңтарда Ақтау қалалық сотының басшысы қызметіне тағайындалған.