Bugin

Келінін жылдар бойы ұрып келген енеге қатысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @ gulmir_ktk

Енесінің соққысына шыдамай өзіне қол жұмсамақшы болған келіншектің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіге жариялады. Оқиға Түркістан облысының Арыс ауданында болған. Дана есімді келіншек 26 жаста. Күйеуімен отау құрғанына 6 жвл болған. Бірақ енесі намысына тиетін сөздер айтып, ұрып-соғады екен. Келіншектің 3 баласы бар. Үлкені 4 жаста, ортаншысы 2-ден асты, кішісі небәрі 9 айлық сәби. 

"Баламның басын айналдырып тидің деп келін болып түскелі отырса опақ, тұрса сопақ. Енесі тарапынан әркез психологиялық қысым, қорлық, қол көтеруден мезі болған келін соңғы ұрыстан соң өлуге бел шешеді",- деп жазды журналист.

Гүлмира Әбіқай оқиға қалай болғанын да баяндады. 

"1 маусым күні таңертең үйдегілер қалың ұйқыда жатқанда  орнынан тұрып, балаларының бетінен сүйіп қоштасып, уксус ішіп естен танады. 3 күн ес-түссіз жатып, беті әрең бері қарады. Жанында өз анасы күткен. Палатаға ауысқан соң дәрігерлер анасын шығарып артқы есіктен  күйеуін кіргізді дейді туыстары",- деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Келіншек енесінің атына арыз жазған.