Bugin
Фото: adebiportal.kz
Белгілі ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Мылтықбай Ерімбетов өмірден озды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қаралы хабарды ақын Қасымхан Бегманов жеткізді. Ақын 68 жасында қаза болды.
"Ақынды ұлы Ерболат Мылтықбайұлы жақындарымен бірге бірнеше көлікпен туған жері Жетісайға алып кетті. Ертең сағат:11:00-де Жетісай ауданының "Телман" ауылындағы ата - анасының қарашаңырағында ақынның жаназасы өтетін болды. ... Мылтықбай Ерімбетов кезінде "Никарагуа, Никарагуа", "Сенің жазған хаттарың-ай, хаттарың" деп жырлаған талантты ақын еді", - деп жазды ақын.
Мылтықбай Ерімбетов "Балқаймақ", "Отырар төбе", "Айналайын анашым", "Бастау" кітаптарының авторы.