Bugin
Фото: инстаграм @aqtobe_sergek
Ақтөбеде төрт күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Аутизммен ауыратын Кәрім Жетіру 4 маусым күні сағат шамамен 17:00-де ауладан шығып, белгісіз жаққа кетіп қалған. Оны іздеуге 500-ден аса адам жұмылдырылды. Баланың денесі бүгін табылды.
Кәрім Жетірудің денесі Елек өзенінен, Юрта мейрамханасының манынан табылды. Полиция тергеу жүргізіп, қажетті сараптамалар тағайындады.