Bugin
Фото: freepik.com
Қостанайда оқушы бомба мен террористер туралы жалған ақпарат таратты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Қостанай облысы ПД шұғыл қызметінің телефонына қоңырау келіп түскен. Бала облыс орталығындағы мектептердің бірінде жарылғыш құрылғы мен террористер бар екендігін хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 9 жасар баланы анықтады.
"Белгілі болғандай ол көшеде жүріп, осылайша достарының көңілін көтеруді шешкен. Оқиға орнына арнайы қызметтер барып, қызметкерлер мен мектеп әкімшілігі эвакуацияланды. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. – Сонымен қатар ата-аналарға тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қаралатын болады",- деп атап өтті басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.
Полицейлер шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.