Bugin

Ер адам әйелін 6 мың теңге үшін соққыға жықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматы облысының Шамалған ауылында ер адам ақша үшін әйелін ұрып-соққан, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ер адам әйелін 6 мың теңге үшін сабаған. Оқиға жатақханалардың бірінде болған. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ер адамның не істеп жатқаны көрінбейді, бірақ не туралы айтып жатқаны анық естіледі. 

Жәбірленуші автобуста келе жатқандықтан, өзін нашар сезініп, жібере алмай қалғанын айтып ақталды. Алайда ер адам 6 мың теңгені қайда салғанын түсіндіруді талап ете бастады. Қатты балағаттап, қорлай бастады. Содан кейін соққылар мен әйелдің жылаған дауысы естілді.

"Бұл факті бойынша полицияға хабар түспеді. Ақпаратты тексеру үшін мекенжайға учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Ерлі-зайыптының арасында отбасылық жанжал болғаны анықталды. Әйел күйеуінің соққыға жыққанын жоққа шығарып, шағымы жоқ екенін айтты. Ол арыз жазудан бас тартып отыр. Полицейлер денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша жиналған материалды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді",- деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жоғалған баланың жағдайы белгілі болғанын хабарлаған едік.