Bugin
Фото: freepik.com
АҚШ-тағы Техас университетінің ғалымдары тіс пастасы мен косметикада қолданылатын E171 2 титан диоксиді екінші типті диабеттің дамуына себепкер болуы мүмкін екенін анықтады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Chemical Research in Toxicology басылымына сілтеме жасап.
Бұл химиялық заттар азық-түлік өнеркәсібінде және косметикада заттарға ақ түс беру үшін кеңінен қолданылады.
E171 титан диоксидінің қасиеттері XX ғасырдың ортасында белгілі болды. Зат зиянды бояғыштарды қорғасынмен алмастырды. 1970 жылдары оны кеңінен пайдалана бастады. Дәл осы кезеңнен бастап екінші типті қант диабетімен ауыратын науқастардың саны төрт есеге арта түсті.
Ғалымдар өздерінің теориясын тексеру үшін асқазан безінің үлгілері алынған топқа зерттеу жүргізді. Тәжірибеге қатысқан сегіз адамның талдауларынан титан диоксиді табылды, және олардың барлығы 2 типті қант диабетіне шалдыққан.
Зерттеушілер осыдан кейін титан диоксиді екінші типті қант диабетін тудыратын заттардың бірі болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Ғалымдар зерттеу нәтижелерін ауқымды етіп тексеруге ниетті.