Bugin
Фото: инстаграм @mangystaumedia.kz
Әлеуметтік желіде Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында, мектеп оқушылары автокөлікті басқарып, жол апатына ұшырағаны тарады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Мangystaumedia.kz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Көлік ішінде 8-9 сыныпта оқитын 4 бала болған.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
"Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жария етілмейді", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көлік апатынан 2 бала қаза болған.