Bugin
Фото: REUTERS/Raquel Cunha
Мексикада алғаш рет президент болып әйел сайланды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Сайлауда "Тарихты жасауды жалғастырайық" атты солшылдар партиясынан шыққан 61 жастағы Клаудия Шейнбаум 59,2% дауыспен жеңіске жетті.
200 жылдық тарихы бар мемлекет үшін бұл сенсация болып отыр. Өйткені 1824 жылы конституцияға президент қызметі енгізілгелі бері әйел адам басқармаған.
Жаңадан сайланған президент өз қызметіне ресми түрде 1 қазаннан бастап кіріседі.