Bugin

Шымкентте көпір опырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Шымкенттегі Жаңаталап шағынауданында жол көпірі жартылай опырылып түсті. Бұл - халық көп қоныстанған елді мекенді қаламен байланыстыратын жалғыз көпір, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мамыр айынан бері қалада жауын-шашын көп болған. Салдарынан Бадам өзені бойынша ең көп ағын 49.5 текше метр/с құрады. Қазіргі уақытта өзендегі су шығыны 15.3 текше метрге дейін төмендеген. 

7 маусым күні сағат 22:00-де көпір тірегі 1 метрге шөккен. Сол себепті көлік қозғалысы тоқтатылды.