Bugin

Каспий теңізіне бата жаздаған келіншектің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Маңғыстау облысында 32 жастағы әйел құтқарылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше оқиға 8 маусым күні болған. Каспий теңізінің жағалауында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жағадан 30 метр қашықтықта өз бетінше жағаға шыға алмаған 1992 жылы туған әйелді судан құтқарды. Келіншек медициналық көмек қажет емес екенін айтқан.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін ескертті