Bugin

Маңғыстауда мектеп бітірген түлектер ауылдың кіреберісіне қақпа орнатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: mangystaumedia.kz

Маңғыстауда мектепті 30 жыл бұрын бітірген түлектер ауылдың кіреберісіне қақпа орнатты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Тұщықұдық ауылының азаматтары мектеп бітіргендеріне 30 жыл толуына орай туған жерге ерекше лебіз көрсетті. Олар ауылдың кіреберісіне қақпа орнатып берді. Ол қақпаның биіктігі 8 метр, ұзындығы 13 метр, ал қасбеті ұлттық нақышта ою-өрнекпен безендірілген.

"Тұщықұдықта кіреберіс қақпаның ашылуы болып, ауыл аспаны әнге бөленді. Ауыл үшін аянбай, игі істің басынан табылған түлектерге ауылдастары алғыс айтып тарасты", - деп хабарлады mangystaumedia.kz.