Bugin
Фото: yandex.kz
Оралда әйел адам өз қызын сотқа берген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Себебі қызы анасына тіл тигізіп, ауыр сөздер айтқан көрінеді. Оқиға болған сәтте екеуі бір үйде болған. Қыз бала дауласқанда өз анасына құрметсіздік танытып, оған қарсы қорлайтын балағат сөздер айтқан. Ал анасы құзырлы мекемеге қызының үстінен арыз жазып жіберген көрінеді.
Алайда қатесін түсінген қыз бала өз кінәсін мойындап, соттан анасымен татуласуына байланысты істі тоқтатуды сұрады.
“Жәбірленуші хаттамада айтылғандарды растады. Оны полицейлер арыздағ негізден қарады. Әйел қызын кешіріп, одан енді мұндай оқиғалардың қайталанбайтынына уәде алған”, – делінген хабарламада.