Bugin
Фото: NASA
Сібірдегі Батагайка дүниежүзіндегі ең үлкен тоң кратері(Кратер – жанартаудың жоғарғы жағындағы немесе баурайындағы ыдыс тәрізді немесе шұңқыр тәрізді ойпат). Ғалымдар ол жерді “Тозақ қақпасы” деп те атайды. Кратер ғалымдардың есептеуінен жылдамырақ кеңейіп жатыр,- деп хабарлайды Bugin.kz порталы Лайфхакер сайтына сілтеме жасап.
Бұл процесс климаттың өзгеруіне байланысты жеделдеді. Кратерде мұздың еруі оның көлемін ұлғайтып қана қоймайды. Аймақта мегашұңқырлар пайда болады. Сонымен қатар бұл бұрын мұздатылған метанның көп мөлшерде бөлінуіне алып келеді.
Зерттеу нәтижесінде саңылау тереңдеген сайын әртүрлі көміртегі газдарының бөліну жылдамдығы артқаны байқалды. Бұл құбылыс табиғи ортаға зиянын тигізеді. Аймақтағы экожүйеге әсер етеді және өзеннің тіршілік ету ортасының айтарлықтай өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Бұл кратер Шығыс Сібірде орналасқан. Ол 1970 жылдары жыра ретінде қалыптасып, қазір тереңдігі 100 метрге жуық шақырымдық ойпатқа айналған.