Bugin
Фото: Daily mail
Индонезияда Фарида есімді 50 жастағы әйел жоғалып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Төрт баланың анасы Калемпанг ауылында үйінің жанындағы орманда із-түзсіз жоғалып кеткен. Ол бақшасындағы көкөністерді сату үшін базарға шыққан делінген.
Әйел түнде қайтып келмеген соң Фариданың күйеуі көршілерімен бірге оны іздеуге кіріседі. Олар келесі күні бұталардың арасынан іші қатты үлкейген алты метрлік алып питонды көрген. Жыланнан күдіктенген ауыл тұрғындары терісін кесіп, әйелді питонның ішінен тауып алған.
"Егер мен сол күні онымен болғанымда, питон оған жақындауға батылы жетпес еді. Оның қандай азап шеккенін елестете де алмаймын. Қатты өкінемін", – дейді Фариданың күйеуі.
Мұндай жағдай елде көп болатыны тіркелген.