Bugin
Фото: NASA / William Anders
1968 жылы "Аполлон 8" миссиясымен Айға ұшып, Жерді суретке түсірген америкалық астронавт Уильям Андерс өзі басқарған ұшақпен апатқа ұшырады. Ол осылайша 90 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі AP агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Уильям Андерстің ұшағы Вашингтон штатындағы Сан-Хуан аралдарына жақын жерде құлаған. Оның ұлы Грег Андерс астронавттың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растап, әкесінің денесі 7 маусым күні түстен кейін табылғанын айтты.
Грег Андерс қаралы хабарға байланысты:
"Ол керемет ұшқыш еді. Отбасымыз орны толмас қайғыға душар болды. Біз оны сағынамыз», - деп жазды.
Андерс Айға жеткен алғашқы адам басқаратын "Аполлон 8" миссиясының Ай модулінің ұшқышы ретінде тарихта қалды. Бұл миссия кезінде Андерс Айда тұрып, Жердің көтерілуін суретке түсірді. Ол адамдардың планета туралы ойлауын өзгертті. Андерстің өзі бұл фотоны "ғарыштық бағдарламаға қосқан ең маңызды үлесім" деп атады.