Bugin

Кәрім Мәсімов қазір қайда?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Кәрім Мәсімов.  Sputnik / Владислав Воднев

Мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов кешірім жасау туралы өтініш берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған сайт Ұлттық қауіпсіздік коммитетіне сауал жолдаған. Қазір Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр.

Ведомство жауабында:

"Ол осы мекемеден 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдаған",-делінген.

Коммитет жауабында Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)") және 366-баптың 4-бөлігі ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын қосты.

Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған. 2023 жылдың сәуір айының соңында Астана соты Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді, билікті және лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырды. Мәсімов үкімді даулауға тырысты, бірақ апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.