Bugin
Фото: trendsmap.com
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева қазақстандық бизнесмендермен соттасып, жеңіліп қалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әлия Назарбаева адвокаттары арқылы Н.С.Бимурзин мен М.Г.Қалиевті жала жапқаны үшін қылмыстық жауапапкершілікке тартпақ болған. Өткен аптада сот құқық бұзушылықтың болмауына байланысты істі тоқтату туралы ұйғарым шығарған. Бұл туралы кәсіпкер Нұрлан Бимурзин ҚазТАГ агенттігіне айтып берген.
Ақпан айында Медғат Қалиев пен Нұрлан Бимурзин Бас прокуратураға Әлия Назарбаеваны рейдерлік әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.
Баймурзин сотқа қатысты пікірін:
"Бізді қолдаған барлық жанашыр азаматтарға алғысымды білдіргім келеді. Тегі танымал болса да, заңды әрі әділ шешім шығарған сот жүйесіне ерекше алғысымды білдіремін. Арызымыз төрт ай бойы бір органнан екінші органға жіберілгендіктен, істің әділ аяқталуына үміт аз деп ойладық. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарағанда заңды басшылыққа алатынына сенімдіміз. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі біздің өтінішімізді қарайды деп үміттенеміз", - деп айтты.
Еске салайық, Бимурзин 28 ақпанда серіктесі Қалиев екеуі Назарбаева мен Рогованың рейдерлік шабуылының құрбаны болғанын хабарлаған болатын.
ТОО "ТПК Азия" құрылтайшысы Нурлан Бимурзин осыған дейін бұл іс туралы:
"Ағымдағы жылдың 14 наурызында Елбасымыз Тоқаев Бас прокурор Асыловпен бизнесті бопсалаушылардан қорғау тақырыбында кеңес өткізді. Ал 19 ақпанда Меғдат Қалиев екеуміз Бас прокуратураға арыз жазғанбыз. Президентіміздің тапсырмасына қарамастан, Бас прокуратура істі қаржы мониторингі агенттігіне жібереді. Дегенмен менімен қаржы мониторингі агенттігінен ешкім хабарласпайды және ешқандай тергеу әрекеттерін жүргізбейді. Олар мені Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне дейін апарды, бірақ менің Алмалы ауданына мүлдем қатысым жоқ. Тіпті онда тұруға ықтиярым да жоқ. Жарайды, келдік, арызымыз бойынша түсініктеме бердік. Қағаз жүзінде дәлелдер әкелдік. Олар оны шынымен де қарамай, күні кеше ғана қылмыстық іс қозғаудан бас тартып, президенттің тапсырмасына қарамастан конституциялық құқығымызды қайта-қайта бұзды", - деп мәлімдеген еді.
Наурыздың 14-і күні Бас прокуратура Назарбаеваның рейдерлік әрекеті туралы арызын тіркегенін хабарлады.