Bugin
Фото: kcfkz парақшасынан
Велоспорттан Азия біріншілігінде жекелей сыннан Николя Винокуров чемпион болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазақстан велоспорт федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Николяға қашықтықты бағындыру үшін 45 минут 38 секунд қажет болды. "Күміс» Ремхаға (45:41), "қола" Тайланд спортшысы Тулаторн Сосаламға бұйырды. Оның уақыты 46 минут 1 секунд.
2024 жылғы ChA жекелей сын алтын медалінің иегері Николя Винокуров:
"Жол қиын әрі өте ұзақ. Оның үстіне ыстық. Бірақ мен қиындықтарды жеңіп, жеңіске жеттім. Мен өз нәтижеме ризамын, барлығы жоспарға сай өтті", - дейді.