Bugin
Фото: depositphotos.com
Синоптиктер 11-13 масым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Еліміздің шығысында 11-12 маусымда, 13 маусымда республика орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.
Республиканың солтүстігінде басым тәуліктік ауа температурасы +20+25 градус. Шығыста және орталықта ауа температурасы +22+32 градустан +18+26 градусқа дейін төмендейді. Қазақстанның оңтүстігінде өте жоғары температура күтілуде. Аптап ыстық +33+40 градустан +25+35 градусқа дейін төмендейді. Ал еліміздің батысында ауа температурасы +33+40 градусқа жоғарылайды.