Bugin
Фото: freepik.com
Құқық қорғаушы Айман Омарова "Таңшолпан" бағдарламасында заңгерлік кеңес береді. Ол декреттік демалыста отырған келіншекке көмек берді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Айман Омарова декретте отырған келіншектің мәселесіне заңгерлік кеңес айтты. Келіншек 1 200 000 теңге көлемінде курсқа бергенін, бірақ курс нәтижесіз болғанын, курс жетекшілері қаражатты қайтармай жүргенін айтты. Келісім бойынша, курс нәтижесіз болса ақша қайтарылуы керек болған.
"Заң оларға тиісті шара қолдана алады. Сот сіздің пайдаңызға шешіп береді. Бірақ сіздің қолыңызда дәлелдер болуы керек. Мысалы келісімшарт. Ол болмаса өзара келісілген құжат болуы керек. Азаматтық сотқа арыз түсіріп, берген ақшаңызды өндіріп ала аласыз. Егер олар жалтаратын болса, алаяқтық бойынша сотқа бере аласыз",- дейді адвокат.
Айман Омарова полицияға арыз жазу керегін айтты.