Bugin
Фото: freepik.com
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 11 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі байқалады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнгі сағаттарда тұман күтіледі.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Жетісу облыстарында қатты ыстық болады.
"Жамбыл, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай облыстарының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, орталығынды жоғары өрт қаупі сақталады",- делінген хабарламада.
Атырау, Түркістан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.