Bugin
Фото: mesko.com.pl
Польшада "Меско" компаниясының қару-жарақ зауытында жарылыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Шетелдік БАҚ-та жарылыс салдарынан бір адам қайтыс болғаны айтылды. Одан бөлек, тағы бір адам зардап шекті.
Зауыт президенті Эльжбета Сренявская жағдайды растады.
"Бізде зымыран отынының орталығында жарылыс болды", - деді ол.
Скаржиско-Каменнадағы аудандық полиция басқармасының баспасөз хатшысы Ярослав Гвоздзь кейбір мәліметтерді нақтылаған.
"Жарылыс Мескодағы металлургия зауытының қоймаларының бірінде болды. Өкінішке орай, оқиға салдарынан 59 жастағы зауыт қызметкері қаза тапты", - дейді ол.