Bugin
Фото: Құтқару сәті. ТЖМ
Маңғыстау облысында екі ер адам sup board сырғанауға теңізге барып, жоғалып кеткен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін түнде 1998 және 1996 жылы туылған екі жергілікті тұрғын жоғалып кеткен.
Су ағысы жастарды теңізге алып кеткен. Төтеншеліктер дереу іздеу шараларына кіріскен.
Іздестіру жұмыстары 8 сағатқа созылған. Құтқарушылар мен әскери теңізшілер таңға қарай жағалаудан 5 шақырым жерде Көгілдір айлақ аумағында жоғалғандарды тапты.
Ер адамдардың жағдайы тұрақты. Олар Ақтау портына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген.