Bugin

“Соңғы ойын”: Қарқаралыдағы көкпардан қайтқан спортшылар жол апатынан қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Бақберген Шағырбай түсірген

Қарқаралыда өткен көкпардан қайтқан меркілік спортшылар жол апатына ұшыраған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі фотограф Бақберген Шағырбайдың жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол инстаграм желісіндегі парақшасына қайғылы оқиға туралы жазба жариялады.

Фотограф:

"Кеше Қарқаралыда өткен екі күндік тойда  көкпардан Меркі ауданы суырылып алға шықты. Бірінен соң бірін ұтып бірінші орындаы иеленді. Кеш қарайып, жолға шықтық. Шаршаумыз. Алдында арқа сүйер екі ағам және мен. Кенет ұялы телефоныма хабарлама келді. Дауысын қосып тыңдадым. Онда көкпаршы інім:

"Аға ассалаумағалейкум шаршамадыңыздар ма чемпион болдық шүкір. Сізден сұрайын дегенім, суреттерім болса, әке анамды білесіз келініңіз бар қуантқым келіп еді", -деп аудиожазба жіберген екен. Тыңдадым да, үн қаттым. "Жолда келе жатырмыз, шаршадық, жеткен соң жіберемін",- дегендей дөрекілендім.

Жол үстіндеміз . Кенет көлік басқарып келе жатқан ағам: "ұлық болсаң, кішік бол. түсінем шаршайсың бірақта өз көңіліңмен жұртты санама",-деді.

"Өзімнің жақсы көретін інім ғой " дедім де жолды жалғастырдық.

Елге аман-есен келіп, шаруаларды реттеп тағы бір күн өтті.

Таңғы сағат 7:38-де хабарлама келген екен. "Асссалаумағалейкум, аға, біз жолға шықтық",-делініпті. "Ронти, қазір суреттерің өңделіп жатыр",- дедім",-деп сурет жіберуге үлгере алмағанын жазыпты.

Жас жігіт Қарқаралыда жарқ етіп, ақтық сапарына аттанған екен.  Фотограф жазбасында оның отбасына көңіл айтқан екен.

Желіге жүктелген апат видеоларында 2 адам қайтыс болғаны айтылуда. Жүк көлігіне тиелген 4 жылқы өліп қалған.