Bugin

Екпе салдырмаған: 1 жасар сәби көкжөтелден көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қарағандыда 1 жасар сәби көкжөтелден көз жұмды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі айтты. Ақмарал Әлназарованың хабарлауынша, екпе салдырмаудың салдары осындай жағдайға жеткізіп отыр. 

Былтырдан бері елімізде көкжөтел көбейген. Жөтел жұқтырған баланың 80 пайызы екпе алмаған. Ал емханаларда вакцина қоры жеткілікті. Мемлекет тарапынан қосымша қаражат бөлінген.