Bugin
Фото: freepik.com
СҚО-да полицейлер 10 жыл бұрын ұрланған телефонды іздеп тапты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәләметінше, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жедел уәкілдер 2014 жылы жасалған телефон ұрлығын ашқан. Аудан тұрғындарының бірі Соколовка ауылының маңындағы көлде демалып жатқан. Әйел адам отырған жерінен сол кездегі танымал Samsung Galaxy S III Mini телефонын таппай қалған. Айыпты ретінде 27 жастағы тұрғын ұсталды. Ұрлық жасаған кезде ол 17 жаста болған.
"Қылмыстық іс жүргізу ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды. Дегенмен, ескі материалдар жаңа мән-жайларды анықтау үшін үнемі қайта қаралатынын атап өткен жөн. Ашылмаған бірде-бір қылмыс полицияның назарынан тыс қалмайды",- дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.
Ер адам қылмысын мойындады.