Bugin

12 маусымға арналған ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Синоптиктер ертең, 12 маусымда болатын ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде  тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі мүмкін. 

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады.

"Батыс Қазақстан,  Жамбыл, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай облыстарының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында,  Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады",- делінген хабарламада. 

Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Алматы облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.