Bugin
Фото: Мақпал Жүнісованың парақшасынан
Әнші Мақпал Жүнісова төрт қабатты үйінің әбден тозғанын көрсетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында тозығы шыққан үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын жариялады.
"Қайырлы таң, оқырмандарым! Құдай-ай, бұрын үйім өзіме жақсы сияқты көрінетін. Бәрін ашып қарасақ, астының бәрі шіріген. Беті ғана жылтырап тұр екен ғой. Үстінгі қабаттағы дәретхананың құбырлары жарылып, су кетті. Темір де тозады деген осы екен ғой. Жігіттер талқандап кетті. Алла сабыр берсін. Мынаның бәрі орнына келгенше ұйқы жоқ қой", - деді әнші Жүнісова.