Bugin

Шегірткені жеуге бола ма? - министр жауабы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

Вице-премьер, Ауыл шаруашылығы министрі мен бірқатар шенділер шегірткеге қарсы күресу үшін оңтүстік өңірлерге аттанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Бірнеше уақыт бұрын Премьердің орынбасары Серік Жұманғарин Үкіметте "шегіртке халал жәндік" дегені көптің ашуына тиген. Үкіметтегі жиыннан соң Азаттық рухы тілшісі денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға шегірткеге қатысты сауал жолдады.

"Серік Жұманғарин мырза шегірткені экспорттауға болады деген тұрғыда пікір білдірді. Ал, біз сізден еліміздің бас дәрігері ретінде оның халалдығы туралы пікір сұрап тұрмыз", - деді басылым тілшісі.

Ал министр:

"Әр мемлекеттің өзінің дәстүрі бар. Қазаққа тән дәстүр емес деп ойлаймын. Бұл жерде оның халалдығына қатысты зерттеулер туралы, жалпы, халал, халал емес деп айтуға дайын емеспін", - деп жауап берді.