Bugin

"Бишімбаевтың ісін істеймін". Медбикені белгісіз біреу қорқытып, артынан аңдыған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

Ақтөбеде бір жігіт қыздың телефонына бірнеше рет хабарласып, тіпті есік алдына дейін іздеп келген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы жергілікті Диапазон сайтына сілтеме жасап.

Бұл оқиға Ақтөбе қаласының «Болашақ» ауданындағы Отбасылық медицина орталығында болғаны анықталды. 22 мамыр күні жігіт емхананың бөлмесінің есігін сындырған. Артынша ер адам қызға Бишімбаевтың Салтанатқа жасағанындай істейтінін айтқан. 

"Біз кабинетте үшеуміз жұмыс істейміз. Сағат 10 шамасында қолында сирень гүлі бар бір жігіт кіріп келді. Біз оны науқас деп ойладық, сөйтсек мені бір ай бойы аңдып жүрген жігіт екен. Осы уақытқа дейін ол маған хабарласып, қорқытқан болатын. Соңғы рет біз қыздармен оны футбол алаңында көрген едік. Ол сәуір айы болатын. Содан бастап ол жігіт менің соңымнан қалмады. Бір күні есігімнің алдына келіп тұрғанын және мені күтетінін айтты. Инстаграм парақшама дейін жазатын. Мен оған жігітімнің барын айтып, полицияға арыз жаздым. Енді сол жігіт менің жұмысыма келіп, айғай шығарды. Кездесіп жүрген жігітім түрмеде отырғанын және ол да маған Бишімбаев секілді жасайтынын, мен де екінші Салтанат болатынымды айтты", - дейді қорыққан 22 жастағы Амангүл есімді бойжеткен.