Bugin
Фото: Облыстық ПД
Батыс Қазақстанда үйінен шығып қайта оралмаған аутист балаға қатысты деректер шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Облыстық ПД аутизмге шалдыққан 19 жастағы жігіттің жоғалып кетуіне қатысты мәліметтер жариялады. Туыстары жас жігіттің жұмыс іздеуге кеткенін айтады.
Ведомство мәліметінше, 10 маусымда БҚО Бәйтерек ауданының Рубежка ауылының тұрғынынан полицияға хабарлама түскен. Онда 2005 жылы туған Исраилов Игорь Витальевич 6 маусымда сағат 08:20 шамасында үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмағаны жазылған болатын.
Осы уақытқа дейін жігіт туыстарына айтпастан бірнеше қожалықта еңбек еткен көрінеді.