Bugin

Әлеуметтік желіге тәуелділіктен қалай құтылуға болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dobrenok.com

Әлеуметтік желіге тәуелділік еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін бар, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Алайда мұндай тәуелділік жақсылыққа алып келмейді. Trening сайтында желіге деген қызығушылықты басатын кеңестер берілген.

Ең әуелі күніңізді интернеттен бастамауға тырысыңыз. Бұл негізгі және міндетті шарт. Бір-екі апта таңертең тұрғанда әлеуметтік желіні шарламай, жаттығу жасап көріңіз. 

Келесі қадам - уақытыңызды нақты ұйымдастырыңыз. Ғаламторда уақытыңызды жоспарлаңыз және жоспармен жүріңіз. Күніне әлеуметтік желілерге кіру үшін қолайлы уақыт шегін жасаңыз, қажет емес сайттарды анықтаңыз. Өзіңізге керек емес дүниені өшіріп тастаңыз.

Ең көп уақыт алатын желіге кірмеңіз. Сіздің желіге тәуелділігіңіздің себебі - арнайы қосымшалар. Олар сіздің әлеуметтік желілердегі өміріңізді мағынасызетуі мүмкін.

Одан соң өзіңізді тәрбиелеңіз! Уақыттың көбі бос емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұған кітаптар көмектеседі. Смартфонның немесе ноутбуктің экранына көмілместен, өзін-өзі бағалауды арттыратын, толыққанды өмір сүруге итермелейтін пайдалы, кеңеске толы кітаптарды оқыңыз. Тренингтерге немесе курстарға жазылыңыз, ағылшын тілін үйреніңіз немесе соңғы екі жыл ішінде сіз өзіңізге ұнамайтын нәрсені үйреніңіз.

Әлеуметтік желіні құнды ойлар үшін арна ретінде пайдаланыңыз. Бір сәттік қызық үшін емес, мағыналы және пайдалы посттар жазыңыз, бәріне пікір қалдырмаңыз. Интернеттегі қатысуыңызды өзіңіз үшін емес, басқа біреу үшін пайдалы етіңіз.