Bugin
Фото: Sergei Savostyanov/TASS/dpa/picture alliance
Франция азаматы "Байқоңыр" ғарыш айлағы маңында қатты ыстықтың әсерінен қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ресейлік мемлекеттік БАҚ жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.
РИА "Новости" ақпарат көзінің хабарлауынша, екі француз турист ғарыш айлағы аумағына кірмек болған. Бірақ далада біреуінің жағдайы нашарлаған. Оның серіктесі досына көмектесе алмай, жақын маңдағы жолға қарай жүгірген. Ол көмек шақырғанша, біріншісі қайтыс болып кеткен.
Бұл ретте ТАСС құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап, француздардың ғарыш айлағына кіруді жоспарламағанын, тек далада түсіріліммен айналысқанын алға тартқан.
"Олар даладағы ғимараттарды суретке түсірген. Бірінің жағдайы нашарлап кеткен, ал екінші турист көмек сұрау үшін бақылау-өткізу бекетіне барған. Бірақ көмек дер кезінде келмеген», - дейді агенттік сөйлескен дереккөз.
Базаның Telegram арнасы жағдайы нашарлап, кейін қайтыс болған Франция азаматтары – 27 жастағы Николас Карбон мен 25 жастағы Анджело Алебетаның жеке басын анықтады. Аймақта ауа температурасы +30 градустан асып, далада көлеңкелі жер табу мүмкін болмағаны хабарланды.
"Байқоңыр" ғарыш айлағы Ресей Федерациясы жалға алған Қазақстан аумағы. Ол жер кіру үшін арнайы рұқсатты қажет ететін режимдік нысан. Франция билігі бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.