Bugin
Фото: ТЖМ
Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар ерекше жағдайда мысықтардың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"112" қызметіне Өскемен қаласының көпқабатты үй тұрғыны хабарласқан. Ол қабырғадан мысықтардың даусы шығатынына шағымданып, алаңдаған. Оқиға орнына келген құтқарушылар Ровняков Константин мен Никерев Максим кіреберісте шығып жатқан дыбыстарды естіген. Құтқарушылар қабырғаның арасында тұрып қалған мысықтарды алып шығу үшін қабырғаның бөлігін бұзуға мәжбүр болды. Құтқарылған төрт мысық жергілікті тұрғындарға берілді.