Bugin

Синоптиктер алдағы күндері қай өңірлерде аптап ыстық болатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Синоптиктер 13-15 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. 13-15 маусымда шығыс пен орталықта, 14 маусымда елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. 

Күндізгі ауа температурасы республиканың батысында +33+40 градус болады. Солтүстікте, республика орталығында +20+28-ден +25+30 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстікте +33+30 градустан +40-қа дейін жоғарылайды. Оңтүстік-шығыста +22+30 градустан +25+35 градусқа, шығыста +22+30градустан +20+28 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді.