Bugin

Ғалымдар дабыл қақты: Жанартаудан мұз табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ESA

Ғалымдар алғаш рет Марс экваторында мұздатылған суды тапты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Лайфхакер сайтына сілтеме жасап. 

Марста болып жатқан ауа райы процестері ғалымдарды таң қалдыруда. Бұрын жоғары ендіктерде және полюстерге жақын жерлерде су мұзы табылатын. Ғалымдар экваторлық аймақта судың пайда болуы мүмкін емес дейтін. Бірақ TGO және Mars Express еуропалық орбиталық зондтарының бақылаулары қызықты жаңалық ашты.

ESA

ESA

Су мұзы 12 ірі жанартау орналасқан Тарсис аймағынан табылды. Олардың арасында 29,9 шақырымға көтерілетін және күн жүйесіндегі ең биік тау болып саналатын әйгілі Олимп жанартауы бар. Бұрын бұл аумақта судың қатып жатқанын байқау мүмкін емес еді.

ESA

ESA

Аяз дақтары тек кейбір маусымдарда және күн шыққанға дейін пайда болады. Оларға күн сәулесі түскенде су буланып кетеді. Сонымен қатар аяздың қабаты өте жұқа. Бірақ мұз қабаттары үлкен аумақты қамтиды. Олардағы судың көлемі 110 миллион литрден асады.