Bugin
Фото: Руслан Өтепбай парақшасынан алынды
Қарағандылық апалы-сіңлі осыдан 33 жыл бұрын ізім-ғайым жоғалған туған әкелерін іздеп жүр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ботагөз бен Гүлнұр осы кезге дейін руы мен тегі туралы деректерді білмеген. Олар “Көреміз” редакциямсынан көмек сұрап, әкелерін іздеген. Олар әкесін тауып, анасының өсиетін орындағысы келген.
Бағдарлама жүргізушісі Руслан Өтепбай оқиға қалай өрбігені туралы:
"Ботагөз Дәрменшиева анасының соңғы аманатын орындап, 33 жылдан кейін әкесін іздеп тапты. Әкесі студияға келіп тұрып, түсірілімге қатысуға жүрексінді. Десе де бағдарламадан соң әке мен қыз тұңғыш рет қауышты.
Көлбай Дәрменшиев марқұм келіншегінің зиратына барып, құран бағыштап, немерелерімен танысып қайтқан екен. Алдағы өмірлері шуақты болса игі!",-деп жазды.