Bugin

"Айықпас дертін жұқтырған": ер адамның ерсі әрекетінің салдарынан бір әйел қайтыс болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Шахтинск қалалық сотында адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырғаны (ҚК 118-бабы 2-бөлігі) үшін айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Жоғарғы сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сот 2015 жылы ер адамға АИТВ жұқтырған деген диагноз қойылғанын анықтады. Күдіктіге емдеуден жалтарып, басқаларды жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, сондай-ақ сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы ескертілген.  

Ол 2016-2023 жылдар аралығында ауруын ескертпестен бір әйелмен бірге тұрған. Нәтижесінде ол жәбірленушіге АИТВ инфекциясын жұқтырған. Салдарынан әйел адам қайтыс болған.

Ведомство хабарламасында: 

"Сотталушының кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен расталды. Оған сәйкес жәбірленушінің өліміне екіншілік аурулардың дамуымен АИТВ-инфекциясы және басқа да іс материалдары себеп болған.  Сотталушы өз кінәсін мойындамады",-делінген.

 Сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің 118-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары – мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.