Bugin
Фото: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
"Ақ жол" партиясы Фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Премьер-Министр Олжас Бектеновке өнімді бөлу туралы келісім жөнінде депутаттық суал жолдады,-деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Оның сөйлеген видеосын мына сілтемеден көре аласыздар.
Депутат бүгінгі мәжілістің жалпы отырысында:
"150 миллиард доллар – 30 жылға жуық жат елдің қазынасына құйылып жатқан қара алтынымыз мұнай мұхитының өз халқына тиесілі заңды сыбағасы. Мұнай өнімін бөлу туралы құпия келісім Ескі Қазақстанның билігі үшін зор келісім болғанмен, халық үшін сор келісім болған. Демек талай талап еткеніміздей, Трансұлттық мұнай компаниясынан халықтың қанаушы шарттарын қайта қарауға тиіспіз. Бұл қорлыққа 30 жылға жуық төзіп келеміз. Өнімді бөлісу келісім-шарттары 2030-ға дейін жасалған. Тағы да 20 жылдай ел байлығы сыртқа ағылатындықтан келісімдерді халқымыздың пайдасы үшін қайта қарауымыз керек"- деді.
Депутат инвесторлардың үлесі туралы мәселені көтеріп, халықтың байлығын қорғауға шақырды.