Bugin

"Қазгидромет" орталығы қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК мамырдан қыркүйекке дейін ультракүлгін сәулелену индексі болжамдарының апта сайынғы бюллетенін жариялайды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ультаркүлгін сәуллелену индексінің болжамы әсіресе жазда маңызға ие. Адамдар денсаулығына зиян келтірмей, күнге күюге, табиғатта демалуға тырысады.

Апта сайынғы бюллетен "Қазгидромет" РМК www.kazhydromet.kz. ресми сайтында қолжетімді.

УК индексі – жер бетіне жететін ультракүлгін радиациясының қауіптілік деңгейін көрсететін өлшемсіз шама. Бюллетенде апта сайын озонның жалпы құрамының, күн биіктігінің және ультракүлгін радиациясы белсенділігінің болжамын ескере отырып, қауіп-қатерден қорғану бойынша ұсынымдар көрсетілген.

Апта сайын мамандар күйіп қалу немесе денсаулыққа зиян келтіру қаупі жоғары уақытты көрсете отырып, күн әсерінен қорғану шаралары бойынша егжей-тегжейлі кеңестермен белсенді күнде болу уақыты туралы кестелер жасайды.
Ультракүлгін радиациясы индексінің бюллетені 7-13 маусым аралығында "Қазгидромет" РМК  сайтында қолжетімді.