Bugin
Фото: freepik.com
12 маусымда өткен қалалық мәслихаттың отырысында Астананың алтыншы ауданына жаңа атау ұсынылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Астана қаласы Тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп атап өткендей, ономастикалық комиссияның отырысында олар елорданың жаңа ауданының атауы ретінде "Сарайшық" нұсқасын таңдады.
Сонымен қатар Тұран, Сауран, Жерұйық сияқты нұсқалар ұсынылды.
21 сәуірде Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов елордада алтыншы аудан құру туралы бастама көтерді.
23 мамырда әкімдік Астанадағы жаңа ауданның қандай болатынын көрсетті.