Bugin

4 жасар бала көпқабатты үйдің терезесіне ілініп қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Астанада көпқабатты үйдің терезесіне 4 жасар бала ілініп қалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 12 маусымда Нұра ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен қорғаныс торына қысылып қалған 2020 жылғы бала құтқарылған.

Құтқарушылар үш иінді сатының көмегімен пәтердің терезесіне жеткен.

"Бала қауіпсіз жерге түсіріліп, ата-анасына берілді. ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді", - делінген хабарламада.