Bugin
Фото: yandex.kz
Шахтинскте ер адам ВИЧ жұқтырып, кейіннен ауруды әйеліне таратқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz-ке сілтеп.
Бұл туралы облыстық Жоғарғы Сот хабарлаған. Қазір қылмыскер деп танылған азаматқа қатысты іс қозғалды.
Сот мәліметінше, 2015 жылы ер адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған. Алайда ол емдеуден жалтарып басқаларға жұқтырса, қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, сақтық шараларын сақтау қажеттігі жайлы хабардар болған. Бірақ ер адам 2016-2023 жылдар аралығында ауруы туралы айтпай, бір әйелмен бірге тұрған көрінеді. Нәтижесінде марқұмға ВИЧ инфекциясын жұқтырған. Ауру салдарынан әйел адам көз жұмды.
Сотталушының кінәсі сот-медициналық сараптамасы қорытындысымен расталып отыр.
Қылмыскердің 4 жылға бас бостандығынанайырылғаны хабарланды.